Текст
«№2 ЖББМ» КММ-де «Зерде» ғылыми-зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Байқауға жас зерттеушілер – 1-7 сынып оқушылары жеке және командалық құрамда қатысуда. «Байқаудың басты мақсаты – балалардың зерттеушілік қабілетін дамыту, бастауыш және орта мектеп оқушыларының интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін ынталандыру. Оқушылардың зерттеу жұмыстары қазылар алқасына қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, информатика, физика, технология, медицина, психология, өлкетану, этномәдениеттану, химия, биология экология және валеология пәндері бойынша ұсынылды.