2022 жылдың 26 сәуірінде Атамекен ҚР ҰКП мектептің 9,11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру дәрісі өткізілді. Дәріс барысында оқушылар Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингісімен танысты.
Қазақстандық қоғамда жоғары білімге деген үлкен сұраныстың болуы және еңбек нарығындағы мамандарға деген өсіп келе жатқан қажеттілік Қоғам мен тұлғаның түрлі жоғары оқу орындарындағы білім сапасы туралы қолжетімді және шынайы ақпаратқа мүдделілігін тудырады. ЖОО-лардың білім беру қызметтері нарығында және ресурстар үшін бәсекелі күресі күшейе түсуде.
2018 жылы "Атамекен" ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті жанынан білім беру бағдарламаларының жобалық тобы құрылды. Жыл сайын "Атамекен" қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізеді.
- Рейтинг 17 критерий бойынша жүргізілді, оның ішінде: жұмысқа орналасқан түлектердің пайызы және олардың орташа жалақысы, бітіргеннен кейін жұмыс іздеу ұзақтығы,- жобаның жұмыс тобында атап өтілді.