Денсаулық-баға жетпес сый, игілік. Әр адам сау болуы керек. Дені сау балалар, дені сау азаматтар – мемлекеттің табысты болашағы.
2021-2022 оқу жылына арналған тәрбие жұмысы бойынша жоспар аясында, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, өз денсаулығына құндылық қатынасын қалыптастыру мақсатында мектебімізде" Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз " ұранымен үгіт бригадалар байқауы өтті. Байқауға 8 сынып оқушылары қатысты. Байқау барысында оқушылар денсаулық туралы мәліметтерді ашты: дұрыс тамақтану, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану, күн тәртібін сақтау, жаман әдеттерден бас тарту. Сайыс қорытындысы бойынша командалар келесі орындарға ие болды: І – орын "Пульс" командасы 8-Д сынып, ІІ-орын "Спортики" командасы 8-А сынып және "Драйв" 8-В сынып, ІІІ - орын "Жастар СӨС үшін" командасы 8-Б сынып және "Спорт аумағы" 8-Г сыныбы.