Текст
2022 жылдың 20 мамырында жазғы демалыс қарсаңында "№2 жалпы білім беретін мектеп" КММ мектептің Инстаграмм тікелей эфирінде "Жазғы кезеңде мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру"тақырыбында ата-аналар қауымымен кездесу өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
Жазғы демалыс және жазғы ауысым кестесі - директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Дулатова Г. С
Жазғы мектеп жұмысы-директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Ташмаганбетова Г. К.
ТБ бойынша нұсқаулық-8-Б сынып жетекшісі Наукеева Ш. Е.
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу-әлеуметтік педагог Темірбекова Д. М.
2021-2022 оқу жылын аяқтау туралы - директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Н. Н.Рассохина