Текст
25 мамырда Балалар жылы мен 2021-2022 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды. Іс-шара қонағы Атбасар ауданы әкімінің орынбасары А .М. Бегалинов барлық оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Оқушылар үздік оқулары үшін төсбелгілермен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Жиын 11-сынып түлектерінің жарқын музыкалық нөмірлері мен қойылымдарымен сүйемелденді. Мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау – бұл өмірдің жаңа кезеңінің басталуын, белгісіз, бірақ ересектер әлеміне көшуді білдіретін мереке. Соңғы қоңырау мерекесі мәңгі жарқын және қуанышты естелік болып қала берсін.