Текст
Жазғы мектеп жұмысын жалғастыруда. Балалар заттарды, белгілерді, іс-әрекеттерді ажырата білді, сөйлемдерді синтаксистік талдауды, синонимдер мен антонимдерді қайталады, "Алатау атасы" шығармасын оқыды ,мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берді. Оқушылар мысалдар мен есептерді шешуге жаттығып , карточкалар бойынша жұмыс жасады. Балалар "Ғарыш" тақырыбындағы кроссвордты қызығушылықпен шешіп, жердің спутнигі – Ай туралы көптеген қызықты нәрселерді білді.