Текст
«Сиқырлы математика» үйірме сабағының бірінші аптасын аяқтай отырып, 08.07.22, балалар «Бөлшек және бүтін» ұғымымен танысты. Балалар көрнекі мысал арқылы заттарды екі немесе одан да көп тең бөліктерге бөлуді үйренді, сонымен қатар бөлшектерді атады, бүтін мен бөлікті салыстыруды үйренді. Дәптердегі графикалық тапсырманы орындап, элементтер мен 3 санын жазып алдық. Күн қызықты және мазмұнды болды.