Текст
29 қазанда «Мектеп №2» КММ-де «Кәсіби стандарт: қазіргі заманғы талаптарға сәйкес білім беру сапасын арттырудың факторы ретінде мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Бірінші тоқсанның нәтижелері қаралды, су ресурстарын басқару кафедрасының аға оқытушысы Елеуова А.С., аға оқытушы Жакубаева Н.С., ғылыми жұмыс жетекшісі Г.К. Ташмагамбетова баяндама жасады. Мектептің әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілері де баяндамалар дайындады.