Текст
Бүгін «№2 ОШ» КММ директоры Бекмаганбетова Шахарман Ергазиевна Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын зерделеу мақсатында жиын өткізді. Бұл хабардың ерекше мағынасы бар. Білім беру жүйесінде, ел саясатында елеулі реформалар мен өзгерістер жүріп жатқандықтан, Президент көтерген мәселелердің барлығы өзекті және барша қазақстандықтарды, сондай-ақ біздің ұстаздарымызды да толғандырады. Біз бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік.