Текст
Қаңтардың 23-і күні Қазақ тілі апталығы аясында 4б сыныбында қазақ тілі пәні бойынша "Алматы-Астана" тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұғалім сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдер ұсына білді. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, оқылым бойынша мәтінді «Оймоншақ» әдісімен тізбектеп оқып шығып, сөздікпен жұмыс жасады. Жазылым бойынша тапсырмалар – мәтіннің ішінен күшейткіш мәнді сөздерді және салыстырмалы шырай жұрнақтарын тауып жазу. Айтылым бойынша – сөйлем, сөз тіркестерін және диалог құрау жұмыстарын жасады. Көрнекілік ретінде Wordwoll, Learning Apps үлгісіндегі презентация қолданылды.