"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Атбасар отдела образования по  Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ МОДЕЛІ" Атбасар ауданы жалпы білім беретін мектеп басқарушыларының секциясы

25.01.2023

2023 жылғы 25 қаңтарда "№2 ЖББМ" КММ базасында "Сабақты зерттеуді әдістемелік сүйемелдеу моделі" тақырыбы бойынша басшы кадрлар секциясы өткізілді.
        Семинардың мақсаты: мектеп педагогтарының кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында педагогикалық практиканы өткізудің тиімді әдістерін ұсыну".
         Секция жұмысына "Өрлеу" өкілдері қатысты: директордың орынбасары А.Е. Зейнелова, аға әдіскер Ж.К. Жамантаева, аға оқытушы В. А. Хасеинова.  Секция жұмысын "Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі" ММ басшысы Н. Г. Наймушина ашты.
       "Сабақты зерттеуге дайындық "Теориялық кейсінде мектеп директоры  Бекмаганбетова Ш. Е. қатысушыларды сабақты зерттеуді әдістемелік сүйемелдеу моделімен таныстырды. Мектептін оқу ісінің меңгерушілері  Г.К. Ташмаганбетова мен     Н .Н. Рассохина "Блиц – keynote" викторинасын өткізді. Бірінші кейс соңында қатысушылар мектепте "Сабақты зерттеу (Lesson study)" тәсілін енгізу туралы бейнефильм көрді. Содан кейін секция қатысушылары "Сабақты зерттеу" практикалық кейсіне қатысты. Сондай – ақ "Оқытудың белсенді әдістері" мастер-кластарына қатысты.
Талдамалық кейс аясында "Практикалық зерттеулер жүргізуді қолдаудағы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының рөлі" тренингі өтті. Коуч рөлін атқара отырып, мектеп директоры Ш. Е. Бекмаганбетова: "Lesson study – егер бұл процесті мектеп басшысы қолдаса, мектепте белсенді іске асырылуда", - деп атап өтті.
        "Жастар" пікірсайыс үйірмесінің жетекшісі М. А. Балгина "Зерттеу қажет емеес зерттемеу" педагогикалық баттл өткізді, оның барысында барлығы бірауыздан қорытындыға келді: Сабақты зерттеу (Lesson study) мектептердің практикасына енгізілуі қажет. "Жайнай бер, Ұлы Отаным Қазақстан" патриоттық акциясы семинардың қисынды қорытындысы болды.
       Қорытындылау кезінде қатысушылар мектеп директоры         
Ш.Е. Бекмаганбетова бастаған басшы кадрлар секциясын даярлаудың жоғары деңгейін, педагогтардың кәсібилігін, тәсілдің креативтілігін, оқушылардың қызығушылығын атап өтті. Мұндай жұмыстың басты нәтижесі-балаларды оқуға үйрету, оларды лайықты нәтижелерге ынталандыру.

Просмотров: 256


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст