Текст
Қазақ тілі апталығы барысында мектебіміздің мұғалімі Тұрархан Ғалия Әділқызы 5 А сынып оқушыларымен “Тәуелсіздік нышаны-ұлттық теңге” атты ашық сабақ өткізді. Сабақта топтық жұмыс үлгілері, “ихсиктер мен нөлдіктер”, “стикерлер бағыттайды”, “нысаны”, “әуе шары” әдістері көрініс тапты. Оқушылар шағын топтарға бөлініп белсене жұмыс жасады.