"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Атбасар отдела образования по  Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Атбасар ауданы жалпы білім беретін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық семинары

27.01.2023
Атбасар ауданы жалпы білім беретін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің 27 қаңтар күні Атбасар қ. №2 ЖББМ «Мұғалім тәжірбиесіндегі зерттеу (lesson study): «Атбасар қаласы №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мұғалімдерінің тәжірибесі» тақырыбы бойынша аудандық семинары өтті.
Мақсаты:
- Атбасар ауданы педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында педагогикалық практикаға зерттеу жүргізудің тиімді әдістерін ұсыну;
- жүргізілген зерттеулердің нәтижелеріне негізделген педагогикалық рефлексия дағдыларын жетілдіру;
- «Сабақты зерттеу» (Lesson Study) тәсілдерін жүзеге асыратын ауданның педагогикалық білім беру ұйымдарының практиканы зерттеу нәтижелдерін ұсыну мен тарату.
Семинар пленарлық отырыстан басталды.
Бірінші теориялық кейс "Сабақты зерттеуге дайындық" деп аталып, директордың ОТІ жөніндегі орынбасары Ташмаганбетова Г.К. "Сабақты зерттеуді әдістемелік қолдау моделі" тақырыбы бойынша жалпы мәліметпен таныстырды, "Блиц-keynote" викторинасын өткізді және семинар қатысушыларына мектепте "Сабақты зерттеу" (Lesson study) тәсілін енгізу туралы бейнефильм ұсынды.
Екінші практикалық кейс «Атбасар қаласы №2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ мұғалімдерінің тәжірибесі» бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тюлюгунова Н.К., «Өзіңе –өзің мұғалім: «Lesson Study» зерттеу сабағын қалай өткізуге болады?» , қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каженова А.К. «Тіл дамыту сабағында әдіс-тәсілдерді тиімді қолданудың нәтижесі», қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Суюнжанова Г.С. «А» дан «Я» -ға дейінгі сабақты зерттеудің практикалық жағдайы» тақырыптары бойынша шеберлік –сыныптарын өткізді.
Семинар қатысушыларына оқытудың ең тиімді формалары мен әдістері, сабақты зерттеу әдістері, сабақтағы іс-тәжірибені зерттеу туралы ақпараттар қызықты және заманауи түрінде ұсынылды. Қатысушылар да өз тарапынан белсенділік көрсетіп, үйренуге, зерделеуге, талдауға дайын екендігін көрсетті.
Семинардың қорытынды бөлімінде қазақ тілі мен әдебиет пәні МА ұстаздары семинардың өту барысы бойынша бейне есеп ұсынылды.
Просмотров: 263


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст