Текст
31.01.23 "Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы"тақырыбында 9д сыныпта (Lesson Study сабақ жүйесінде) ашық сабақ өтті. Балалар іздестіру-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, топтарда белсенді жұмыс істеді, Вежновец Вероника "№2 ЖББМ "КММ Ұлттық құрамы" тақырыбында шағын жоба дайындады, Жакенова Диана орыс тілі мұғалімі Гүлшат Мартайқызы Ибраевамен өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап біздің елді мекеннің ұлттық құрамы қалай өзгергені туралы сұхбат жүргізді. Балалар күтілетін нәтижеге қол жеткізді.