Текст
14 ақпан күні №2 ЖББМ мектебінде Ауғанстаннан әскерлерді шығаруға арналған суреттер көрмесі өтті. 1989 жылы 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің интернационалдық борышын өтеген соңғы бөлімшелері Ауғанстан жерінен шығарылды. Бұл оқиға он жылға жуық уақытқа созылған соғыстың аяқталуы болды. Бұл соғыста жауынгерлік ерліктің, интернационализмнің, Отанға деген сүйіспеншіліктің, адамдардың ізгілік пен әділеттілікті қорғау жолында жанын беруге дайын болуының үлгілері болды. Балалардан сол оқиғаларға өз көзқарастарын суреттер арқылы білдіру ұсынылды.