Текст
17 ақпанда "Жаңа мектеп-заманауи мұғалім" республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті. Конкурстың мақсаты жас педагогтардың мәртебесі мен шығармашылығын, олардың кәсіби шеберлігін арттыруға жағдай жасау. Бұл байқауға біздің мектептен 2 жас маман қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғ. Трақан 2 орынды иеленді, ал ағылшын тілі мұғалімі Б. Қабдраш 3 орын алды. Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!