18 қаңтар 2018 жыл № 2 ОМ 7Б және 7Г сынып оқушылары Атбасар қаласы тарихи-өлкетану мұражайына барды. Мұражайда бізді экскурсовод Мадина Бериковна Базарбаева қарсы алды. Мұражай ағаштан салынған көне үйге ұқсайды. Балаларға қызықты және танымдылық экскурсия жүргізілді. Балалар экскурсводты қызыға тыңдап, экспонаттарды көріп біздің ата – бабаларымыздың қандай тұрмыс жағдайы болғанын түсініге көмектесті. Бабаларға мұражай болған экскурсия өте ұнады. Әсіресе «Әскери даңқы» залы ұнады. Бұл залда соғыс ардагерлердің фото суреттері, орден және медальдармен марапатталған жауынгерлердің тізімі бар. Витриналарда наградалар мен марапаттау куәліктері, алғыс хаттар, соғыста жазылған хаттар, қарулар макеті, жауынгерлердің заттарын көруге болады. Экскурсия балаларға жақсы әсер қалдырды. Экскурсияның соңында балалар Ахмет Байтұрсынов туралы толық әңгіме айтқаны үшін алғыстарын білдірді.