Текст
Бүгін "№2 ОМ" КММ педагог – психологы Досмуханова Г. К. 8 сыныптарда сынып сағаты және "Психологиялық ахуал, қайғыны қалай болдырмау" жайында лекция оқыды. Балалар қылмыскерлермен кездескенде жасөспірімдердің абайсыздығынан зардап шеккен жағдайлар туралы біліп, өздерін ренжіткен, ата-аналары, басқа адамдар жағдайлар жөнінде ойланды. Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әр адам құқылы: құқықтық, әлеуметтік, психологиялық көмекке, зорлық-зомбылықпен қарсы тұру үшін қажетті ақпарат пен білімге. Егер Сіз зорлық–зомбылықтан зардап шексеңіз! Көмек Іздеңіз. Егер, жақындарыңыздың біреуі зорлық зомбылықтан зардап шегетін болса жәрдемдесіңіз.