2023 жылдың 26 сәуірінде " №2 ОМ-ң" 5-г сынып жетекшісі, Қазақстан халытарының бірлігі күніне, "Бірлігімізде біздің күшіміз!" атты сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының негізгі мақсаттары: -Қазақстан халықтарының мәдени мұрасы арқылы оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. - Оқушылардың мемлекеттік тілді білуге және үйренуге деген танымдық қызығышулығын жандандыру. - Оқушыларда Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениеттеріне, тарихи өткеніне және мұрасына деген сүйіспеншілікті құрметтеуді тәрбиелеу. Мұғалім оқушыларды осы мейрамның қашан құрылғаны туралы айтып және тәуелсіздік алғанынан бері қалай тойланатыны туралы айтты. Бұл күні Қазақстан Республикасында тұратын барлық халықтардың ұйымшылдығы бойынша мерекелік іс-шаралар өткізіледі, өйткені Қазақстан көпұлтты мемлекет. Онда 150 ден астам ұлттар мен ұлыстар тұрады. Ең соңында балалар викторина сұрақтарына жауап беріп, белсенді қатысты.