Текст
Отбасы – бұл әр адамның өмірінде ең бастысы. Отбасында біз сүюді, бір-біріне түсінуді, жақын адамдарға қамқорлық жасауға үйренеміз. 2 «В» сыныбында «Менің отбасым менің байлығым» атты сыныптан тыс іс шара өтті. Аталған іс-шараның мақсаты оқушылардың отбасы туралы білімін кеңейтуге жәрдемдесу, әр адамның өмірінде отбасының маңыздылығын анықтау. Осы іс-шарада балалар қойылымдар қойып, өлеңдер оқыды, ән айтты, зияткерлік ойындарға қатысты.
.