Текст
Бүгін 13.05.2023 ж. "№2 жалпы білім беретін мектеп" КММ оқушылары "Жасыл мекен" республикалық экологиялық челленджіне қатысты.
Аталған акцияға ауданның мәслихат депутаты Досмуханов Р.К., сондай-ақ мұғалімдер, оқушылардың белсенді ата-аналары, мектеп қызметкерлері қатысты. Акция барысында мектеп аумағында ағаш көшеттері отырғызылды.
Экомәдениетті қалыптастыру және мектеп орнынан сауатты ұрпақ тәрбиелеу өте маңызды. "Жасыл мекен" республикалық челленджі біздің экологиямызды таза ете отырып, білім алушылардың еңбегі мен қоршаған ортаға деген қамқорлығын көрсетеді.