2017 жылдың 1 ақпанда сағат 11-00 оn-line тәртібінде түлектердің қорытынды аттестациясы мен ҰБТ өткізу бойынша кеңес өткізілді.Кеңеске мектеп директоры Касенова Зауреш Ермековна, оқу ісінің меңгерушісі Оздоева Фатима Мовсаровна, аттестациялау комиссиясының мүшелері, сынып жетекшілері: Задиракина Светлана Николаевна (10а сынып, Яхина Эльвира Фардиевна (11а сынып, Зотова Оксана Степановна (11б сынып); 10,11 сынып оқушылары, ата-аналар комитетінің мүшелері және 2017 жылы өткізілетін ҰБТ және қорытынды аттестацияны өткізетін адамдар қатысты. Кеңес барысында барлық қатысушылар 11 сынып оқушыларының қорытынды аттестациялауын өткізу туралы ақпаратпен танысты, емтихан 5 пән бойынша өтеді. Кеңестің соңында мектеп әкімшілігі ағымды үлгерімді бақылаудың Типтік ережелерімен, «№2 ОМ» КММ 9 және 11 сыныптарының мемлекеттік қорытынды аттестациясының құрамымен таныстырып өтті.