Суюнжанова Гульмира Сагандыковнаны ұстаз ретінде балам 1 сыныпқа қабылдаған кезінен бастап танимын. Ол байсалды, тыным таппайтын, адамгершілігі мол адам. Оқушыларға әділ және мұқият қарайды. Ол сабырлы және салмақты, әрбір баланың адамгершілік құндылықтарын құрметтейді. Ол өзінің жұмысын жақсы көреді және бар жан-тәнін береді. Өз пәніне деген сүйіспеншілігін балаларға да жеткізе алады. Өз білімін, балаларға беруге аянбайды. Оның сабақтары әр түрлі және қызықты өтеді. Бұны баламның пәнге деген қызығушылығынан
көруге болады.
Сабақтарында әр оқушы жұмыс істейді, оқиды. Мұғалім танымдылық қызметін қалыптастыру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып отырады. Ол әр баламен тіл табыса білгені, жоғары бағаланады. Ол балаларды үлкендерді сыйлауға, Отанды, туған жерді, туған-туысқандарын сүюге,
достықты бағалай білуге тәрбиелейді. Гульмира Сагандыковна жеке уақытын аямай, барлықбілімін, жан-дүниесін, мейірімін біздің балаларымызға береді. Балалар зор құрметпен қарайды, өздерінің сырларымен бөліседі.
Гульмира Сагандыковна – өз жұмысына адал, жауапкершілігі мол сынып жетекші.