Текст
Маусымның 14і күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша тілдік мектеп аясында "Астананың мәдени орындары" тақырыбымен сабақ өтілді. Сабақта оқушылар Астанамызда орналасқан мәдени кешендерге саяхат жасап, олар туралы ақпараттармен танысты. Мәтін бойынша жұмыс жүргізілді. Мәтінді оқып,оқушылар комикс жасау әдісімен жұмыс жасады. Суреттерін сипаттау мақсатында диалог құрастырды. Сондай-ақ әдеттегідей грамматикалық тапсырмаларды орындады.