Текст
30.06.23 күні мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Дамыту» топтық сабағының қорытынды күні балалар логикалық ойлауын, ұшқыр ойларын, зейінін, тапқырлығын, көрнекі есте сақтауын және қиялын дамытуға арналған есептер құрастырып, шешуді үйренді. Қағаз бетінде жақсы бағдар алу үшін оқушылар тордағы дәптерге сурет салуды үйренді және бекіту үшін графикалық диктант орындады.