Текст
Мен, "2 ЖББМ" КММ 3Г-сынып оқушысы Корсаков Илья, жылдың жаз мезгілін өте жақсы көремін. Өйткені, достарыммен өткізетін уақытым өте көп, велосипед тебуге, футбол ойнауға да уақыт жеткілікті. Бірақ, әрине, кітап оқу туралы да ұмытпаймын. Мен оқуға әрдайым уақыт табамын, себебі кітаптан өте көп тағылымдық және тәрбиелік мағына аласың. Егер адам сауатты болса, демек ол бақытты адам. Білік және дағдыға бай, дұрыс ойлай алады. Кітап-адамның ең жақын досы!