Текст
Мен, Бобырева Ариана Атбасар қаласының жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы жазғы демалысымды 20 маусым мен 3 шілде аралығында Балқаш қаласында орналасқан “Балдәурен” сауықтыру орталығында өткіздім. Демалыстан өте керемет әсер алдым! Себебі, күн сайын түрлі жаттығулар, би түрлері, спорттық ойындар өткізілді. Демалыс балалардың денсаулығын нығайтып, ақыл-ойын дамытатын интеллектуалды ойындарға толы болды. Күн сайын белгіленген режим бойынша іс-шаралар өткізілді. Аталған іс-шараларға белсене қатыстым. Лагерьде балаларлы тамақтандыру, бөлменің тазалығы өте жоғары денгейде болды. Менің ойымша, балалар өз демалысын жақсы өткізу үшін барлық жағдай жасалған. “Балдәурен” демалуға кеңес беремін!