Текст
27 шілдеде мектептің «Достық» ойын алаңында балалар қызықты, белсенді және танымдық уақыттарын өткізді. Балаларды қабылдағаннан кейін «Мен жасағандай істе» көңілді жаттығу орындады, «Балалар сурет салғанды жақсы көреді» сурет байқауын өткізді. Экскурсиямен Ілияс Есенберлин атындағы облыстық кітапханаға бардық. Онда балалар көптеген қызықты нәрселерді білді, ойындар ойнады. Экскурсиядан кейін серуендеуге шықтық. Күннің соңында «Әсер уақыты» қорытындыланды.