Мен Сонникова Анастасия Атбасар қаласы №2 мектептің 7 «А» сынып оқушысымын.Тамыз айының 4-10 аралығында «Звёздный» БСО болдым.Бұл лагерь маған қатты ұнады,өте қызық болды.Біз келгенде лагерьде өте әдемі болды, барлығы ленталармен және жалаулармен безендірілген.Бізді үйдегідей жылы қарсы алды.Бірінші күні барлығы бір-бірімен танысты.Тәлімгерлер танысу ойындарын ойлап тапты. Тәлімгерлер көңілді болып, балалардың жалығып кетуіне жол бермеді.Күнде таңертең жаттығуға баратынбыз.Жаттығу екі түрге бөлінді-спорт және би. Таңғы астан кейін гитара, волейбол және т.б. ойнау үшін өнер студиясына бардық. Лагерьде неше түрлі квесттер болды, жалығуға уақытымыз болмады.Квесттерге барғанда маған ұнады.Ән айттық, түрлі билер түсірдік, ұрандар ойлап таптық.Бүкіл күндер есімде,бірақ соңғы күндер өмірімнің соңына дейін есімде қалады.Біз бір-бірімізді танымайтынбыз және бұл әдеттегідей емес еді, бірақ соңғы күні бәріміз бір үлкен отбасы сияқты болдық.Мен бұл лагерьді өмірімнің соңына дейін есімде сақтаймын. Осы лагерьге болғаным үшін рахмет!