Текст
Бүгін 18 тамыз күні мектебімізде тілдер үйірмесі жалғасты. Бүгінгі күннің жоспары бойынша оқушылар “көлік түрлері” тақырыбын өтті. Қандай көлік түрлерін білетінін және олардың қандай пайдасы бар екені жөнінде әңгіме қозғады. Сүйікті көліктерінің суретін салып ол жайында айтып берді. “Сиқырлы қорап” әдісі арқылы сұрақтарға жауап берді.