25.08.2023
Танымдық процестерді дамыту - баланы тәрбиелеу мен дамытудағы маңызды мәселелердің бірі. Оның мектептегі оқуының табысты болуы және тұтастай алғанда оның дамуының сәттілігі баланың есте сақтауы, ойлауы, қиялының, зейінінің, қабылдауының қаншалықты дамығанына байланысты.