1 қыркүйек - оқу жылының басталуы. Біздің мектептің есігі жаңа оқу жылын бастау үшін қайта ашылды. Бұл бірінші рет мектеп табалдырығын аттағандар үшін ең көптен күткен күн.
Жиын ҚР Мемлекеттік Туын еңгізуден және мемлекеттік әнұранды орындаудан басталды. Мектеп директоры Ш.Е. Бекмағанбетова құттықтау сөз сөйледі, мереке қонақтары Мұсабеков Сабыржан Нұркенұлы, Атбасар ауданының Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Семенча Инна Васильевна, Атбасар ауданының білім бөлімінің әдіскері құттықтау сөз сөйледі, олар барлық оқушыларды оқу жылының басталуымен құттықтауға келді.
Бірінші сынып оқушылары мектеп туралы әдемі өлеңдер дайындады, түлектер нәзік вальспен айналысты, 6 сынып оқушылары ән шырқады.
Алғашқы қоңырауды 11 сынып оқушылары Мұратов Нұржан мен Кныш Романға, 1 сынып оқушылары Киселева Ксенияға және Таржанова Мединаға берілді.
Мерекені "Мектеп - мейірім мекені" тақырыбында бірыңғай сынып сағатын дайындаған сынып жетекшілері жалғастырды . Білім күні әр бала мен ата-ана үшін қызықты, көңілді, жарқын және ұмытылмас өтті!