Текст
19- қыркүйек күні N2жалпы орта мектебінің 8"в"сынып оқушылары арасында "Тіл- ұлттың жаны" сайыс сабағы өтілді.Мақсаты:мемлекеттік тілді құрметтеу, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, білімге деген құштарлықтарын арттыру,сөздік қорын молайту, өз ойларын дұрыс жеткізуге дағдыландыру, елімізді, ана тілімізді, Отанымызды сүюге тәрбиелеу болды.Сайыс сабағымыз алты тақырыптан тұрды."Кім көп біледі?", "Тіл өнері", "Жеті жұмбақ", "Ата салтың- халықтық қалпың", "Ізденген жетер мұратқа", "Тұлғаны таны". Сайыс сабағымызда оқушылар кезек- кезек ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытып, білімдерін жоғары дәрежеде көрсете алды.