Текст
5 қазанда "Ақындар айтысы" республикалық конкурсын өткізу іс- шаралар жоспары аясында "ОШ 2"КММ 8"В" сынып оқушыларына Атбасар тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияның мақсаты: оқушыларға тарихи-өлкетану мұражайы туралы түсінік беру, оқушылардың ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту, өзінің туып-өскен жеріне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Экскурсия жүргізген мұражай қызметкері мұражайдың тарихы мен жаңалықтары туралы баяндап берді.