06.10.2023
Оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға деген қызығушылығын арттыру, теориялық білім мен дағдыларды тереңдету, тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы мен өзін-өзі дамытуға жәрдемдесу мақсатында 2023 жылғы 02-04 қазан аралығында Сандықтау ауданында "Балкашино ауылының №1 ЖОББМ" КММ базасында 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша ХVІ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиадаға "№2 ЖОББМ" КММ 11 сынып оқушысы Муратов Нуржан қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Нуржан Муратов ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Мектеп ұжымы Нуржан Муратовты және жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдерін жоғары нәтижелерімен құттықтайды, шығармашылық табыс пен оқуда жеңістіктер тілейді.