11.10.2023
10.10.2023 жылы "№2 ЖОББМ" КММ-де функционалдық сауаттылықтың үш бағыты бойынша тест тапсырмаларын қамтитын 4, 9-сыныптар үшін МОДО (Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі) бойынша кіру тестілеуі өтті.
4 сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:
• Оқу сауаттылығы - 10 тест тапсырмасы;
• Математикалық сауаттылық - 12 тест тапсырмасы;
• Жаратылыстану сауаттылығы - 8 тест тапсырмасы.
Тесттің орындалу уақыты-75 минут (1 сағат 15 минут).
9-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:
• оқу сауаттылығы (қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіндер) - әр пән бойынша 10 тест тапсырмасы (барлығы 30 тест тапсырмасы);
• математикалық сауаттылық - 13 тест тапсырмасы;
• жаратылыстану сауаттылығы (биология, география, физика, химия — әр пәнге 8 тапсырма) — барлығы 32 тест тапсырмасы.
Тестті орындау уақыты-150 минут (2 сағат 30 минут).