Текст
25 қазан - Халықаралық мектеп кітапханасы күні. "N2 ЖББМ" оқушылардың көркем әдебиетті оқуға көзқарасын зерделеу мақсатында мен оқушыларға сауалнама сұрақтарына жауап беруді ұсындым. Сауалнамаға 10-сынып оқушылары қатысты. "Сендер оқығанды жақсы көресіңдер ме?" деген сауалға оң жауап берді. Оқушылардың көбі қазіргі күні электрондық баспалармен емес, кәдімгі кітаптармен достасқылары келеді. Әрбір оқушыда өзінің жақсы көретін жазушысы, сүйікті жанры мен кейіпкері болғандығы өте қуантады.