Мектептің күзгі демалыс уақытындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес, тәрбие құндылықтарының ұлттық мүдде бағытына сай, оқушылардың бойында елжандылық қасиетін қалыптастыру мақсатында, «№ 2 ЖББМ» КММ 6 "Д" сынып оқушылары қазақ халқының атақты жазушысы І. Есенберлиннің мұражайына барып, ұлы тұлғаның ұлағатты өмірімен танысты. Мұражайдың экспозициясында жазушының өмірі мен шығармашылығының барлық кезеңдері көрсетілді.Бүгінде мұражай қорында 2000 экспонат бар екен. Мұражайдың басты экспонаттары жазушының жеке заттары болып саналады. Бұл-хаттар, почта, жазушының кітаптары, қолжазбалар, отбасының фотасуреттері. Мұражай залындағы жазушының жұмыс кабинеті оқушыларға қатты ұнады. Оқушыларды көп қызықтырған жәй Кеңес үкіметі кезіндегі почта, теллеграмма қызметінің қалай жұмыс істегендігі оқушылар тарапынан зор қызығушылық тудырды. Болашақта осындай мәдени ошақтарға бару әлі де жоспарымызда бар.