Текст
Қарашаның 9 күні Қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталық аясында 8"А" сыныбында "Қазақстан -достық пен татулық мекені" тақырыбына арналған ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты:публицистикалық стильдің ( мақала) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау;тақырып бойынша сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.Өткен сабақты еске түсіріп,қайталап,жаңа сабақ барысында жақсы тілектен бастады. Сабақта жаңа сөздермен таныстырып, оқушылардың ынтасын арттыру мақсатында қосымша материалдар,әртүрлі әдіс- тәсілдер ұсына білді.