10.11.2023
9-қараша күні 5 «В» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті сабағынан «Тұмар (Томирис) туралы аңыз» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ негізделген оқу мақсаты:
5.1.5.1 тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтау;
5.5.1.4 жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.
Сабақтың алдында оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, жақсы көңіл-күй сыйлады. Оқушылар мәтінді мұқият тыңдап, тыңдалған мәтіннің тақырыбын анықтады. Мәтіннен негізгі тірек сөздер мен сөз тіркестерін тауып, атады. Сондай-ақ тыңдалым мәтіні бойынша дұрыс/бұрыс ақпаратты анықтады. Сабақты пысықтау мақсатында «Тұмар патшайым кім?» тақырыбына кластер толтырды. Мәтіннен «кім?, не?, қандай?, не істейді?» сұрақтарына жауап беретін сөздерді тауып, кестеге орналастырды. Сұрақ-жауап арқылы сабақ қорытындыланып, оқушылармен «TikTok» әдісі бойынша кері байланыс орнатылды. Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, сабақ өз мақсатына жетті.