Текст
15 қараша күні 1-А сыныбында «Теңге – Қазақстанның өмірі мен үмітінің символы» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатында балалар теңгенің шығу тарихымен танысып, теңгенің ел экономикасындағы және әрбір адам өміріндегі рөлі мен маңызын анықтап, викторинаға қатысты. Сынып сағатының соңында оқушылар «Теңге – егемен Қазақстанның бірінші ақша бірлігі» бейнеролигін тамашалады.