29.11.2023
2023 жыл 27 қарашада "№2 ЖББМ" КММ-де аудандық аурухананың медицина қызметкерлерімен 8,9 –сыныптардың оқушыларымен "Мектепте ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында дәріс өтті. Дәрістің мақсаты-ерте жүктілік мәселелері бойынша хабардарлық деңгейін арттыру, жасөспірімдерде салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру және дамыту.
Келесі сұрақтар қарастырылды: Ерте жүктілік дегеніміз не? Ерте жүктіліктің қауіптілігі неде? Ерте жүктіліктің алдын-алу қандай? Ерте жүктілік - не істеу керек? Ерте жүктіліктің нәтижесі. Сенің таңдауың.
Дәріс мазмұнды, ең бастысы пайдалы өтті. Қыздар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды, сондай-ақ көптеген жаңа және қажетті ақпаратты білді.