05.12.2023
04.12.2023 жылы "№ 2 ЖББМ" директор жанынан кеңес өтті. Жиналыста 4, 9 сынып арасында МОДО ұйымдастыру және өткізу мәселелері қозғалды. Аталған ақпаратпен бас мұғалім Г. К.Ташмаганбетова, Г.Б. Кәрімбаева, С. Н. Задиракина, Н. К. Тюлюгунова, Жеребкова Л.В., Дарбазанова Е.И. таныстырды.
Оқу ісінің меңгерушісі Ю. Н. Немитовская Кунделик және НОБД бойынша мониторинг туралы мәлімет берді. Сонымен қатар сынып жетекшілерін меңгеруші Лена Уатхан жаңа жылдық ертеңгіліктер кестесімен таныстырды.
Мектеп директоры Ш. Е. Бекмағанбетова педагогтерді аттестаттау ережелеріндегі өзгерістер туралы, педагогтердің I съезіне Ұлттық баяндама жобасын ұсыну туралы, мектеп қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ақпарат жеткізді.