Текст
Бүгін 5 қаңтарда "Гүлдей бер, менің Қазақстаным" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты-балалардың бойында патриотизмді қалыптастыру, өз отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу, халықтық дәстүрлерді құрметтеу. Іс-шара барысында балалар сұрақтарға жауап берді, өлең оқыды, пазлды жинап, Бәйтерек, Қазақстан, Ақ Орданы туралы өз ойын айтты.