Текст
2024 жылдың 12 қаңтарында «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 6 сыныпта «Музыка және поэзия» тақырыбында ашық музыка сабағы өтті. Топпен жұмыс жасай отырып, оқушылар тірек сөзді анықтап, сол арқылы ой картасын құрады, музыка мен поэзияның байланысы бар деген гипотезаны дәлелдеді, Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» әні бойынша шығармашылық тапсырманы және сюита бойынша талдау жұмысын орындады. А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы үшін «Қазақстан» әнін үйренді.