31.01.2024
31 қаңтарда 9 сынып оқушылары арасында «Айналамдағы мамандықтар» кәсіптік бағдар беру квест ойыны өтті.
Мақсаты: белсенді шығармашылық және тәрбиелік ойын арқылы оқкшылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына оң мотивация қалыптастыру.
Бұл іс-шара мектептегі кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастырудың негізгі міндеттерінің бірі ретінде жасөспірімдердің кәсіби өзін-өзі анықтау мәселесін шешуге бағытталған. Ойын барысында әрбір қатысушының кәсіпте өзін сынауға, нақты кәсіптік қызметте өзін табуға мүмкіндігі бар, бұл болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал етеді.