01.02.2024
Адамзат тарихы табиғат тарихымен тығыз байланысты. Егер адамдар болашақта табиғатқа қамқорлық жасауды үйренбесе, олар өзін-өзіне зиян келтіреді. Ал ол үшін экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті тәрбиелеуіміз керек. Ал мұндай тәрбиені бастауыш мектеп жасынан бастау керек. Бұл жас – экологиялық мәдениет негіздерінің қалыптасуына ең қолайлы кезең. 2024 жылдың 31-қаңтарында «√2 ЖББМ» КММ 3 «В» сыныбында «Экология еліне саяхат» атты іс-шара өтті. Балалар өлең оқып, экологиялық жағдаяттарды талдап, табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін құрастырды. Іс-шара қызықты әрі танымды болды.