Текст
2024 жылдың 14 ақпанында "2 ЖББМ" КММ 11 А сыныбында Ауғанстанда 1979-1989 жылдардағы әскери қимылдарды еске алу күніне арналған сынып сағаты өтті. 11А сыныбының оқушылары Асылбеков Беназир, Босак Тамила, Волянская Татьяна сол жергілікті соғысқа өздерінің жауынгерлік борышын абыроймен атқарған қатысушылар туралы, Отанға қызмет ету жолында қаза тапқан жауынгерлер туралы баяндамалар жасады. Халықтың есінде қалсын деген мақсатпен соғыс қаһармандарына арнап ескерткіштер мен ескерткіш тақталар орнатылған болатын. Жігіттерді Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімге тәрбиелей отырып, сұрапыл соғыстың тауқыметін бастан өткеріп, тірі қалған интернационалист-жауынгерлер туралы деректі фильмді тамашалап, соғыс туралы ақпараттармен танысты.