Текст
Бүгін 27 ақпанда 5-сыныпта "Жұлдызды аспан құпиясы" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында балалар Үй тапсырмасы бойынша wordwall бағдарламасының көмегімен кездейсоқ карталар әдісімен жауап берді. Әрі қарай сабақ барысында сөздер бекітіліп, карточка бойынша тапсырма берілді, сұрақтарға жұлдыздардың көмегімен жауап берді, кітап бойынша жұмыс істеді. Балалар сабақ барысында белсенді қатысты. Сабақ соңында қазақ тілі бағалауы бойынша кері байланыс болды, балалар осы сұрақтар бойынша жауап беріп, өздеріне баға берді.