Текст
Елімізде 1 наурызда Алғыс айту күні тойланады. Бұл күн мектебімізді де айналып өтпеді. 2024 жылдың 28 ақпанында 1-А сыныбында мереке қарсаңында «Алғыс айту – мейірім көзі» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағаты осы мерекенің шығу тегі туралы шағын мағлұматтан, фильмнің үзіндісін көруден және викторинадан тұрды. Қорытындылай келе, балалар сыныптастарына ізгі тілектерін білдіріп, бейбітшілік пен достықты бейнелейтін суреттер салды.